Әскерде соққыға жығылып ата-анасы үйінде кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

Жұма, 21 Қазан , 2016 7:00

Ақтөбе облысында ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт психдиспансерге қабылданды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

544564

Талмасы ұстаса ешкімге бой бермей кететін Азамат Боқановтың диагнозын мамандар бір ай ішінде анықтаймыз деп отыр.

25 жастағы бұл жігіт осыдан 6 жыл бұрын әскерде соққы алған. Содан үйіне оралғалы бері отбасыда береке жоқ. Өйткені зіңгіттей жігіттің ауруы қозғанда әл бермей, көзіне көрінгенге тиіседі. Тіпті, әкесінің саусағын шайнап тастаған. Сондықтан көтерілгенде кісендеп қояды екен.

Енді мамандар оны бір ай психдиспансерде емдеп, ұстамасының себебін анықтамақшы. Кейін мүгедектік рәсімдеуге көмектесеміз деп отыр. Бірақ науқасты үнемі оқшау ұстауға болмайтынын айтады.

“Науқасты мұнда оқшаулап ұстап отыра алмаймыз. Сондықтан диспансерден шыққан соң үйде дәрілерін уақытылы беріп отыру керек. Талмасы ұстамаса ешкімге зияны жоқ. Мұндай дертке қатты соққы мен психологиялық күйзелістің кесірінен шалдығады адамдар”, – деді Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Данияр Шалтақов.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Кезінде елорданы ауыстыру – бомбаның жарылуымен тең болды (видео)

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

Дініміз бойынша жаман түс көргенде не істеу керек

Қазақстандық әже туған немерелерін тегін қараудан бас тартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар