Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерде қайтыс болған сарбаздың ата-анасы ұлдарының өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр

Павлодар облысында баласынан айырылған ата-ана әскерге кеткен ұлдарының табытқа салынған денесін алды. 22 жастағы Абай Хамзин Үшарал әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүрген болатын. 12 сәуірде «Жоңғар» шекара бекетінде жеті ай қызметте болған сарбаздың асылып қалған денесі табылды. Бірақ марқұмның туыстары “Абай өзіне қол салды” деген нұсқаға сенбей отыр.

Әскерде қайтыс болған сарбаздың ата-анасы ұлдарының өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен 22 жастағы Абай Хамзинді бүкіл қала болып әскерге шығарып салған. Ол Екібастұз телеарнасында журналист болып жұмыс істеген. Марқұм өткен жылдың қыркүйек айында әскерге баратыны туралы сұхбат берген екен.

«Мен Үшаралдағы шекара әскер қатарында қызмет етуге барамын. Бір жылға кетеміз. Алдымен Павлодарға, одан кейін пойызбен әскери бөлімшеге барамыз. Ең бастысы, үйге аман-есен оралу»,-деген Абай Хамзин.

Өкінішке орай, Абай Хамзин үшін ең маңызды болған нәрсе болмады. Жақында оның ата-анасына ұлдарының денесін әкелді. Абайды Екібастұзда жерледі. Қызметтестерімен қоштасып, оны ақтық сапарға шығарып салуға Алматы облысындағы «Жоңғар» шекара бекетінде әскери борыштарын өтеп жүрген жерлестері де келді. Әскерден аман-есен келуді мақсат еткен сарбаздың денесі 12 сәуірде табылған.

«Сарбаздың өзіне қол жұмсау себептері әскери қызметке қатысы жоқ, жеке мәселе болуы мүмкін деген алдын ала болжам жасалды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағында «Өлімге итермелеу» деп жазылған»,-дейді ҚР Бас әскери прокурорының баспасөз хатшысы Еркін Қожа-Ахмет.

Алайда қайтыс болған сарбаздың туыстары мен достары басқаша пікірде. Олар Абай өзіне қол жұмсайтындай әлсіз адам болмағанын айтты. Керісінше өз ісіне жауап бере алатын, рухы мықты азамат болған, сондықтан оның өзіне қол салуы мүмкін емес деп отыр, Абайдың жақындары. Ол туыстарына үйге тезірек оралғысы келетінін айтып, болашаққа құрған жоспарларымен бөлісіп жүрген.

«Мен әкесіне жақындап келіп «бұл өзіне қол емес пе?» деп сұрағанда, ол мұның суицид еместігін айтты. Содан «бұл оның өз қолынан жасаған өлімі емес екенін айтып», мұны осылай жылы жауып қоя салмаңыздар деп өтіндім»,-дейді әскерде қаза тапқан Абай Хамзиннің құрбысы Замира Солтан.

Әскерде өзіне қол жұмсады деп қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты тергеу жалғасуда. Сараптама нәтижелері бірнеше айдан кейін белгілі болады. Күдіктілер туралы баяндамалар көрсетілетіні белгісіз. Әскери сот прокуратурасы суицидтан басқа қандай нұсқалардың көрсетілгені туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте 9-сынып оқушысы асылып қалған күйінде табылды

Алматы-Бішкек жолында таяқ ұстаған әскери формадағы жігіттер автобустарды түн ішінде тоқтатып, ақша сұрайды

Рамазан айына дейін орындалуы тиіс 5 амал

Маникюр жасатам деп дертке шалдығып жүрмеңіз: Еліміздегі салондарда санитарлық талаптар сақталмайды

Талқылау