Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқар Жұмағалиев министр атанды

ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жаңа қызметке келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Асқар Жұмағалиев

Сурет: kapital.kz

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев ҚР премьер-министрінің орынбасары–ҚР қорғаныс және аэроғарыш «өнеркәсібі министрі  болып тағайындалсын. Ол ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», – делінеді жарлықта.

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев әр жылдары ҚР ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы, ақпарат және байланыс министрі, транспорт және коммуникация министрі, “Қазатомпром” АҚ басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың тамыз айында ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне келген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау