Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқар Мырзахметов «ҚазАгро» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды

ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды.

1694b887fc4e1c2c7495f692dda5ad14

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылдың 6 қыркүйегіндегі бұйрығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айтуғанов Қайрат Қапарұлы, ҚР Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды», – деп ақпарат таратты ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Аталған бұйрықпен Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы мен Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2016 жылғы 7 қыркүйекте «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің ашық отырысы өткізілді, онда ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейiк, кеше министрлер кабинетіне жетекшілік еткен Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқаруБақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқаратын болды.

 

 

Талқылау