Асқар Мамин "Самұрық-Қазынаның" директорлар кеңесінің төрағасы атанды

Қазақстан үкіметінің  қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Премьер-министр Асқар Мамин кеңесті басқаратын болады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Асқар Мамин

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, қордың директорлар кеңесінің құрамына ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді», - делінеді хабарламада.

Бақытжан Сағынтаев пен Тимур Сүлейменов директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр