Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқан қатігездігімен ерекшеленеді: Қазақстандық банданың басшысы Бішкекте қолға түсті

Қырғызстан полициясы ұлатарлық қылмыстық топтың басшысын тұтқындады.

Асқан қатігездігімен ерекшеленеді: Қазақстандық банданың басшысы Бішкекте қолға түсті

39 жастағы Мұрат Ниязов Қазақстан азаматы екендігі және халықаралық полициямен іздестірілгені мәлімденеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Ниязов 22 қыркүйекте Бішкекте қолға түскен.

Ниязов – ұйымдасқан қылмыстық топтың лидері. Тұтқындалған ер адамға мінездеме берген полицейлер оның асқан қатігездігін атап өтті. қырғызстандық полиция мәліметінше, ол 2015 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Сонымен қатар бопсалаушылық және қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін Қазақстанда сырттай 12 жылға сотталған екен.

Қазіргі уақытта Ниязов Бішкек МІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау