Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашып жүруге құқылымыз: Америкалық әйелдер кеуделерін жалаңаштап, шеруге шықты

Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте әйелдер кеуделерін жалаңаштап, шеруге шықты. Осылайша нәзік жандылар омырауды ашық көрсетуге құқықтары бар екенін көрсеткісі келген.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шеруге шыққан әйелдер Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Феникс, Денвер және Миннеаполис көшелерімен жүріп өтті. Сондай-ақ, осыған ұқсас бас көтерулер Германияның Фрайбург, Оңтүстік Кореяның Сеул, Чилидің Вальпараисо қалаларында болып өтті.

Ашып жүруге құқылымыз: Америкалық әйелдер кеуделерін жалаңаштап, шеруге шықты

Кей әйелдер денелерін түгел жалаңаштап, алаңға шықса, енді кейбіреулері заңнан әрі аспауды құп көріп, омырауларын лентамен немесе денеге арналған бояумен жауып шыққан.

Калифорния мен Венецияда бас көтерген әйелдер “бұл бомба емес, бар болғаны омырау” деген сарындағы жазбалары бар плакаттарды алып шықты.

Ашып жүруге құқылымыз: Америкалық әйелдер кеуделерін жалаңаштап, шеруге шықты

Айта кетейік, мұндай оқиға жыл сайын әйелдер құқығы күніне орай өткізіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау