Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш суреті үшін өлтірілген пәкістандық модельдің әкесі ұлын жазалауды талап етті

Өз үйінде өлі күйінде табылған пәкістандық модель Кандил Балочтың әкесі айыптыны қатаң жазалауды талап етті.

640x360_339154

Фото: euronews.com

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

26 жастағы қарындасын буындырып өлтірген Васимді әкесі кешірмеген. Ол айыпты ұлы тұтқындалып, жазалануы тиіс деп санайды.

Пәкістан жоғарғы соты адвокаттар ассоциациясының президенті Балочтың отбасы бұл қылмысты кешірмегендіктен, Васимнің өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ал жігіттің өзі болса бұл әрекетіне еш өкінбейді екен. “Қыздар үйде отырып, дәстүрді сақтау үшін туады. Менің қарындасым ешқашан олай істеген емес”, – деді ол.

Талқылау