Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашық-шашық клиптерді сынға алған Әбдіжаппар Әлқожа досы Нұрболатты жақтап шықты

Әбдіжаппар Әлқожа ашық-шашық сахналары бар бейнебаяндарды сынға алды. Әншінің айтуынша, жұрт шешінді екен деп ел алдында шешіну – нағыз таяздықтың белгісі.

Ашық-шашық клиптерді сынға алған Әбдіжаппар Әлқожа досы Нұрболатты жақтап шықты

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеп хабарлайды.

“Асыра сілтеп жібермеу керек сияқты. Жұрт шешінді екен деп шешініп, сүйісті екен деп сүйісіп клип түсіру – адамның таяздығының белгісі ғой. Мен өз бағытымды жоғалтқым келмейді”, – дейді Әлқожа.

Десе де, Әбдіжаппар өзінің досы Нұрболатқа келгенде бұл ойынан айнып шықты. Естеріңізде болса, Абдуллин “Сен мені тыңда” атты әнбаянында актриса қызбен аймаласқан болатын.

“Нұрболаттың клипі шыққаннан кейін көрдік. Жақсы, өзінің қалауы, өзінің талғамы. Нұрболаттікінде алып бара жатқан үлкен қате жоқ. Иісін шығарып қойған. Ол сөйтіп әдейі жасаған. Нұрболаттың да ептілігі, іскерлігі шығар. – Оны мен де істей аламын деп басқаларға көрсеткендігі. Өзінің ұстанымы бар, бейнебаянды қолдану тәсілдері бар”, – дейді Әбдіжаппар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау