Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашуын баспақ болған павлодарлық ауладағы бірнеше көліктің терезесін сындырған

Павлодар тұрғыны  көшедегіңлердің көзінше ашуын басу үшін аулада тұрған бірнеше көліктің үстіне шығып секірген. Көлік иелерінің бірі болып жатқан жағдайды терезеден көріп, жүгіріп шыққан. Бірақ ол кезде бұзақы тығылып үлгеріпті.

ашуланған

Бұл туралы  “Еуразия” бірінші арнасы жазған.

Оның көлігінің алдыңғы терезесі сынған, сырты бірнеше жерден майысып қалған. Оқиға куәгерлерінің сөзінше мұндай бұзақылықты жасамас бұрын, жігіт осы үйде тұратын әпкесімен ұрысып қалыпты.

«Ұрысса өз мәселесі емес пе? Ашуын бүреудің көлігінен алуды түсінбеймін»,-дейді жәбірленуші Игорь Драчев.

Оқиға кезінде үш иномарканың терезелері сынып, сыртқы бояулары ұшып, майысқан. Жергілікті полиция 24 жастағы бұзақыны ұстаған. Ол өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Енді қызу қанды жігіт келтірген зал мөлшері есептелуде. Егер шығын көлемі 200 мың теңгеден асып кетсе оның үстінен қылмыстық іс қозғалады. Одан төмен болса айыппұлмен құтылады.

 

Талқылау