Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ Атырау тұрғындары әскериді ұрып тастамақ болды (видео)

Атырау облысында бір топ ауыл тұрғындары офицерге шабуыл жасап, оны соққыға жыға жаздады.

тургындар аскерилер

Бұл туралы “Мой ГОРОД” порталы хабарлады.

Оқиға 18 қыркүйек күні Жанбай ауылында болған. Батыс аймағының әскери прокуроры Жанболат Аекеновтың айтуынша, дүйсенбі күні кешкі жүгіруге шыққан әскерилерді Toyota Land Cruiser автокөлігі басып кетпек болған. Нәтижесінде көлік әскерилердің бірін жарақаттаған. Бұдан кейін көліктен бір топ ауыл тұрғындары атып шығып, командир орынбасарына тап берген. Бұл уақытта командир орынбасары өзге әскерилерді бөлімге қайтарып, ашулы тұрғындармен өзі айналысатынын айтыпты.

Әскери прокурордың айтуынша, тұрғындар офицермен дөрекі сөйлескен. Ол аздай, біраз уақыттан кейін тағы екі көлік келіп, жағдайды ушықтырған. Ақырында командир орынбасары қашып құтылуға мәжбүр болған. Кері жағдайда ашулы тұрғындар оны ұрып тастар еді дейді Аекенов.

«Ол бөлімге дейін жүгіріп келіп, қару алып, ескерту ретінде бірнеше рет аспанға оқ атты. Ашулы тұрғындардан тек солай құтыла алар еді. Бұдан кейін Жанбай ауылының тұрғындары әскери бөлімнің алдына жинала бастады», – дейді Жанболат Аекенов.

Жанжалдан кейін оқиға орнына ҰҚК әскери полициясы мен РОВД қызметкерлері, Исатай ауданының әкімі мен аудандық прокурор келіп жетті. Жергілікті тұрғындар кей әскерилер мас күйде әрі формасыз болды деп айыптады.

Алайда Аекенов бұл уақытта спортпен шұғылданып жатқан әскерилердің форма киюге тиісті емес екенін түсіндірді. Сондай-ақ, ол әскерилердің мас күйде болмағанын сараптама нәтижесінің көрсеткенін мәлімдеді. Есесіне тұрғындардың өздері түрлі балағат сөздерімен әскерилердің намысына тиген көрінеді.

Қазіргі уақытта әскеридің қару қолдану фактісі тексеріліп жатыр. Ал төмендегі видеоны тұрғындардың бірі түсірген.

Видео 18+ Ескерту, видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Жіберіп алмаңыз:

Депутат қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруді ұсынды

Көкшетауда білімін жетілдіруге келген ұстаздар қаңғып қалды

Оралда төбелескен жігіттерді ажыратқан әжей табылды (видео)

Ақтөбеде зираттардың аукцион арқылы сатылуы жұрттың ашуын туғызды

Талқылау