Ашуға булыққан “Қайрат” жанкүйерлері Исламханды жібермей сұрақтың астына алды (видео)

Бейсенбі, 14 Сәуір , 2016 15:05

Алматылық “Қайраттың” капитаны Бауыржан Исламхан премьер-лиганың бесінші туры аясында “Шахтермен” болған тең ойыннан кейін жанкүйерлерімен тілдесті.

photo_75125

Сурет ФК “Қайрат”

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Автобусқа отырар алдында ойыншы жанкүйерлерге қарай жақындады. Олардың біреуі неліктен команданың ойнамай жатқанын сұрады.

“Тоқтай тұр, мен қазір түсіндіремін. “Арсенал”, “Бавариядан” келіп жатыр ойыншылар, оларға мен не айта аламын?” – деді Бауыржан Исламхан.

Еске сала кетсек, “Қайраттың” сапында бұрын “Баварияда” өнер көрсеткен Анатолий Тимощук пен “Арсеналдың” жұлдызына айналған Андрей Аршавин ойнайды.

“Шахтерге” қарсы ойыннан кейін Исламханның келіншегі Еркежан Талғатбекова өзінің Инстаграмдағы парақшасында “глорлар мазаны алды” деп ашулана жазған болатын.

“Шахтермен” болған матчта 0:0 есебімен тең аяқталды. Исламханның өзі бұл матчта қызыл қағаз алып, 76-шы минутта ойынды ерте аяқтады. Ел чемпиондығына фаворит саналатын “Қайрат” әзірге 5 ұпаймен 8-ші орында келе жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар