Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ашкөздік үшін жазалады: хакерлер алғыр қазақстандық сатып алған Nur-Sultan.kz доменін бұзды 

Еліміздегі бас қаланың аты өзгерген соң, Ақтөбе тұрғыны Nur-Sultan.kz доменін 24 миллион теңгеге сатып алды. Алайда белгісіз хакер парақшаны бұзды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Ашкөздік үшін жазалады: хакерлер алғыр қазақстандық сатып алған Nur-Sultan.kz доменін бұзды Белгісіз хакер Nur-Sultan.kz парақшасын бұзды. Домен telderi.ru деп аталатын сайттардың және домендердің ресейлік биржасында сатылды. 

"Қазнетте қызықты оқиға орын алды. Кибрсквотер 24 миллион теңге тұрған (63 мың доллардан көп) Nur-Sultan.kz доменін сатып алды. Сосын ресурстың иесін белгісіз хакер бұзды. Хакер басты бетке шағын дефейс орнатты", — деп хабарлады Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы. 

Парақшада балағат сөздері бар хабарлама тұр. "Мүмкін болашақта адамдар осындай қателіктерді жібермеуді үйренетін шығар. Домен үшін 24 млн...", — деп жазылған хабарламада. 

Ашкөздік үшін жазалады: хакерлер алғыр қазақстандық сатып алған Nur-Sultan.kz доменін бұзды

Сонымен қатар, сайтта "рикроллинг" пайда болған.  Рик Эстлидің "Never gonna give you up" атты әнінің бейнебаяны жарияланған. Бұл адамдарды әзілмен алдау үшін қолданылатын ескі интернет-мем. Адамдар кез келген сілтемені басқанда осы видео бар парақша ашылады. Желі пайдаланушылар осылай алданады. 

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр