Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әшкерелеуші хат жазған атыраулық полицейдің таққан айыбына облыстық сот жауап берді

«Атыраудың соттары жемқор. Полицияның қолында әр судьяға компромат болғандықтан олар Ішкі істер басқармасына қажет шешімді шығарып отырады» деп жазған еді экс-полицей хатында. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлады.

Безымянный

Сурет atr.sud.kz

Бірақ, іле-шала қызметтік тексеріс жүргіздік деген облыстық соттағылар ешқандай дәлел таппапты. Қайта тергеу абақтысындағы Өтеуовке тағылатын айып тағы көбейетін түрі бар. 23 жастағы бұрынғы тәртіп сақшысы өзбек кәсіпкері Дмитрий Кимді пышақтап өлтіргені үшін қамауда отыр. Өтеуов бұл қылмысты басшылығының тапсырысымен жасағанын және Ішкі істер басқарамасындағы өзге де былықтарды 8 беттік хатында тізіп берді.

Онда лауазымы жоғары әріптестерінің бұйрығымен мейрамхана иелері мен кәсіпкерлерден ақша бопсалау, көнбегендерін істі қылып, абақтыға жабу деректері тәптіштеп жазылған. Бұны басшылық жоққа шығарғанымен, алдағы сот отырысында бәрібір олардан жауап алынатын болды. Ал бүгін абыройлы аттарын ақтағысы келген облыстық сот Манарбек Өтеуовке жалған ақпарат таратқаны үшін айып таққалы отыр.

“Айта кететін мәселе кез-келген адам елімздің кез-келген азаматын дәлелін таппаған түрде БАҚ арқылы жалған ақпарат тарататын болса, онда ол адам заң алдында жауап беруге тиісті. Бұл мәселе Өтеуовке де тікелей қатысы бар”, – дейді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Талқылау