Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әшімбаев желіде тараған Тоқаевты қолдау флешмобы туралы: Біздің тапсырмамыз емес (видео)

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев желіде тараған Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау флешмобының видеосы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Сурет: Эхо Казахстана

«Партия тарапынан тапсырма болмады. 11 мамыр сағат 18:00 дейін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ешқандай рұқсат жоқ. Қоғамдық штабымыз ол уақытқа дейін жұмыстар жүгізбейді. Сондықтан біз ондай тапсырманы берген жоқпыз. Өңірлердегі әріптестеріміз бастама білдіріп жатса, қараймыз. Менің білуімше, жасалған флешмоб акциясында тікелей үгіт-насихатқа қатысты мәселе жоқ екенін заңгерлеріміз айтып отыр. Тағы бұл мәселені қараймыз. Барлық құжат, барлық шара толықтай заң аясында жүзеге асырылады», - деді Әшімбаев. 

 

Ол сайлаудың ашық тұрғыда әділ өтетініне ешқандай күмәні жоқ екенін, осы бағытта партия да, Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы да нақты жұмыстар атқаратынын айтты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр