Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матайдың анасы туған күнінде күйеу баласы Арманмен дуэт айтты (видео)

Танымал тележүргізуші әрі актриса Аша Матайдың анасы күні кеше туған күнін атап өтті. Кезекті рет меншікті мерекесін тойлаған Бәтес Мақсатқызы дүркіретіп той жасады. Тойға қазақ шоу-бизнесінің танымалдары қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аша Матайдың анасы туған күнінде күйеу баласы Арманмен дуэт айтты (видео)

Аша Матайдың анасы Бәтес Мақсатқызы – продюсер Баян Алагөзованың туған әпкесі. Алайда екі сіңлісіне қарағанда, Бәтес ханым өнер әлемінен алшақ мамандықты таңдаған. Ол – заңгер. Десе де, Мақсат Мұхитденовтың тұңғыш қызы да бала күнінен әнші болуды армандапты. Бұл туралы Баян Алагөзова айтып берді.

Аша Матайдың анасы туған күнінде күйеу баласы Арманмен дуэт айтты (видео)

“Қызық дуэт – ене мен күйеу бала. Менің үлкен әпкем әнші болуды армандаған, алайда мықты заңгер болды. Туған күніңмен”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Аша Матайдың анасы туған күнінде күйеу баласы Арманмен дуэт айтты (видео)

Иә, өздеріңіз түсінгендей, бұл күні Бәтес Байлы күйеу баласы Арман Қоңырбаевпен бірге ән шырқады.

Бала арманын кеш болса да орындағысы келген Бәтес ханым, сондай-ақ, танымал эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасовамен бірге дуэт орындаған-ды. Екеуі бірігіп Мәдинаның әйгілі “Сүйген жүрек” әнін айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау