Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай инстаграмда конкурс ұйымдастырды

Әнші, актриса Аша Матай инстаграм желісіндегі жазылушыларының арасында конкурс ұйымдастырды. Жеңімпаз – Ашаның қолы қойылған жейде мен “16 қыз” фильмінің премьерасына билет ұтып алады.

Әрине, ол үшін мыңның арасынан қара үзіп шығуға тура келеді. Ал ол конкурс шарттарын былай етіп бекітіпті: Осы суретті мейлінше көбірек репост жасап бөлісу; 16 қыз_Аша Матай хештегін қою. Сайыс қорытындысында ең көп лүпіл жинаған қолданушы жеңіске жетпек.

Еске сала кетсек, Қанағат Мұстафиннің “16 қыз” комедиялық фильмі 3 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Бұған дейін фильмнің саундтрегін Қайрат Нұртас орындайтынын да хабарлаған болатынбыз.

Талқылау