Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Адамды дүниеге әкелу оңай емес

Алғашқы перзентін күтіп жүрген актриса, тележүргізуші, әнші Аша Матай жүктілік кезінде әйел баласының тап болатын қиыншылықтарымен бөлісті. Актриса ер адамдарды әйел затын бағалауға шақырды.

аша арман

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жылдам қимылдау мүмкiн емес, көп жүруге тыйым салынды, тыныс алу қиындай түсуде, ұйқым келе бередi, ұйықтайын десем ұйқы жоқ, мазасызданып қайта оянамын.. Адамды дүниеге әкелу оңай емес.. Әйел затының шыдамдылығын-ай десеңiзшi.. Бағалайык, ағайын! Барлық аналар аман болсын!» – деді ол Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары Ашаға пайдалы кеңестерін берді.

«Өзім босанамын деп көп қимылдай берме», «Сәбиіңді қолыңа алғанда бәрін де ұмытасың, айналайын. Сол күнге аман-есен жеткізсін Алла», «Адамнан адам шығу оңай емес. Бірақ Алла әйелді солай жаратқан, шыдау керек. Жеңіл босанып алыңыз», «Сен сияқты қазақтың қыздары көп болсын. Аман-есен жаның қалып, сәбиіңді құшағыңа ал», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайтың эксклюзивті фотосессиясы

Аша Матай: “16 қыз” фильмінде мен кейіпкермен сүйісетін көрініс бар

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев көлік жуу салонын ашты

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Талқылау