Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аш ұстап, есірткі берген: Өгей анасының 5 жасар ұлына жасаған сұмдық әрекеттері әшкере болды

АҚШ-тың Техас штатында Тамми Блаймайер есімді әйел 7 баласын тәрбиелеп отырған. Алайда олардың бірін қатты жек көрген екен. Себебі 5 жасар бала – оның өгей ұлы. Ол баспалдақтың астындағы заттарды сақтауға арналған кішігірім бөлмеде өмір сүруге мәжбүр болған. Нәтижесінде 38 жастағы әйел 28 жылға сотталды.

Аш ұстап, есірткі берген: Өгей анасының 5 жасар ұлына жасаған сұмдық әрекеттері әшкере болды

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Егер полицейлер 5 жасар Джорданды дер кезінде таппағанда, ол бірнеше күннен кейін аштан өлетін еді. Дәрігерлердің сөзінше, баланың салмағы небәрі 13 келі болыпты. Ал баланың әкесі әйелінің қатігездігін көре тұра, оған қарсы шара қолданбаған. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әйелдің балаларының бірі полицияға шағымданғаннан кейін, оның қатігездігі туралы белгілі болды. 16 жастағы жасөспірім ата-анасының Джорданды жөргек киюге мәжбүрлеп, аш ұстағанын айтты. Балаға баспалдақтың астында шегелер мен сымдардың арасында ұйықтауға тура келіпті. Сондай-ақ, күніне бір тілім ғана нанды талғажау еткен. Өгей анасы оған өзге балалармен бірге тамақ ішуге тыйым салып, тамағын тартып алып отырыпты.

Аш ұстап, есірткі берген: Өгей анасының 5 жасар ұлына жасаған сұмдық әрекеттері әшкере болды

Джорданның денесінен көптеген көгерген орын мен ісік табылды. Сонымен қатар ата-анасы оған есірткі берген екен. Олар қонақтар келген кезде Джордан кедергі жасамас үшін, осындай сұмдық әрекетке барған. Нәтижесінде екі ұлы Таммиге қарсы куәлік етті.

«Сен үлкен қателік жасадың және сол үшін жауап беруің керек. Мен бұл жерде саған бір ғана сұрақ қойғым келеді. Сен қалайша бізге осылай жасадың? Біз сенің мақтанышың мен қуанышыңа айналуымыз керек еді. Алайда біз өмір бойы қорқып, ашуланып өмір сүрдік», – дейді балаларының бірі.

Аш ұстап, есірткі берген: Өгей анасының 5 жасар ұлына жасаған сұмдық әрекеттері әшкере болды

Қазіргі уақытта Джордан өзінің биологиялық анасымен бірге тұрып жатыр. Ал балаларды қорғау қызметі Таммидің  6 баласын өз қамқорлығына алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау