Әсет Исекешев пен тележүргізуші Майя Бекбаева, Динара Сәтжандар оқулықтан алынып тасталды

Әсет Исекешев, Майя Бекбаева, Динара Сәтжанның “Өлкентану” оқулығынан алынып тасталғаны айтылды.

Бұл туралы Әйгерім Таубай есімді журналист желідегі парақшасында жазды. 

“Бұған дейін “Алматыкітап” баспасынан хабарласып бұл нұсқаның шықпайтынын айтты.  Әсет Исекешев пен Динара Сәтжанның оқушыларға арналған оқулыққа енгенін жазғанмын. Осыдан соң баспа қызметкерлері министрлікке басқа нұсқаның жіберілгенін айтты“, – дейді журналист.

Баспа қызметкелерінің айтуынша, шілде айында сараптама өтіп, блогерлер туралы мәлімет алынып тасталған. Бұл  «Туған өлке публицистика беттерінде» айдарымен ұсынған авторлық ұжымның жобасы болған.

Дұрыс нұсқасы мына суреттегі мәлімет.

Айта кетейік, бұған дейін Әсет Исекешов пен Динара Сәтжанның жаңа оқулыққа енгізілгені жайлы хабарланған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар