Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсет Исекешев пен Қуандық Бишімбаев базар аралап құрт пен қымыздан дәм татты (видео)

Астана базарын қала әкімі Әсет Исекешев пен Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев аралап, сауда жағдайымен, өнімдер бағасымен танысты. Бұл туралы қалалық әкімдік баспасөз қызметі хабарлайды.

5d751f7b83c554522839f78fa1e2484b2bca3189

Фото: dailynews.kz

Әкім мен министр қаладағы ірі сауда орталықтары “Шарын”, Шанхай”, Шапағат” және “Евразия” сауда орталығы мен “Магнум” дүкенін аралап көрді. Олар өнімдердің бағасымен танысты. Шенеуніктерді сөредегі қазақстандық өнімдер де қызықтырды.

Базар аралаған басшылар отандық өнімдердің де дәмін татпай тұра алмады. Әсет Исекешев құрт пен қымыз сұраса, Қуандық Бишімбаев үйдің майын жегенше асықты.

Олар сондай-ақ, ет цехын аралап, киінетін орын мен сауда орнындағы санитарлық талаптарды қадағалады. Базарды бақылау барысында қанттың бөлшек сауда бағасы жазғы маусымда 25,5 пайызға қымбаттап кеткені анықталды. Ұлттық экономика министрі бұл мәселе бойынша барлық Қазақстанда азық-түлік бағасына қатысты тексеріс жүргізетінін айтып уәде берді.

Талқылау