Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсет Исекешев Астанадағы жанармай тапшылығының себебін түсіндірді

Астана әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жанармай тапшылығы туралы түсініктеме берді.

feb315164b692a42ef2df04719280f34

«Кеше елордадағы АИ-92 жанармайының тапшылығы туралы әлеуметтік желілерде қызу талқылау жүрді. Әрине, ауа райының күрт төмендеуіне байланысты жанармайды тұтынудың орташа көрсеткіші әдеттегіден асып түсті. Қазіргі кезде «Қазмұнайгаз» АҚ мен қаладағы АЖБ көмегімен АИ-92 жанармайын бекеттерге көптеп жеткізіліп жатыр. Бұл маркадағы жанармайдың бағасы –130-135 теңге.

«Қазмұнайгаз» АҚ, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігі жағдайды бақылау отыр. Дегенмен, тиісті мемлекеттік орган өкілдерін, сондай-ақ жанармайды көтерме бағамен жеткізушілерді қатыстырып жиналыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Нәтижелері туралы хабарлаймыз», – деді Астана әкімі өзінің Facebook–тегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: “100 қадамды” шайқақтатуға жол бермеймін

Ақмола облысында аязға қатып қалған әкімдік қызметкері көз жұмды

Қыз кейпіндегі елес көретін бойжеткен болашағы үшін алаңдап көмек сұрайды

Құранды сүйген Беларусия президенті сынның астында қалды

 

Талқылау