Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асексуалды адамдар деген кімдер?

Софи мен Джордж – сезімдері қалтқысыз ғашықтар және асексуалды жұп. Алайда жыныстық жақындықсыз махаббат пен романтикалық кездесулер сезімдерін күшейте түспесе, бір-біріне суыған емес.

160428131432_george_and_sophie_asexuality_624x351_bbc_nocredit

Достықтары 5 айға созылған Софи Йоргенсен-Райдаут мен Джордж Норман әдеттегі кездесулерінің бірінде «Айдаһарды қолға қалай үйрету керек» мультфильмін көруді ұйғарған. Бұл кездесу жастардың өміріне өзгеріс әкелген-ді.

«Біз сүйістік. Түсінемін, көп адамдар сүйісу жайлы айтқанда, оның астарында өзге дүние жатады», – дейді Джордж.

Асексуалдық – некеден безу емес

21 жастағы Джордж өзін Ұлыбритания тұрғындарының 1%-ын құрайтын асекусалдар қатарына жатқызады. Ол өзінің «ерекшелігін» университеттің бірінші курсының соңында түсінген.

«Бала күнімде барлық адамды өзім тәрізді деп ойлайтынымды айтқанда асексуалдар еріксіз жымияды. Өзгелер оны жасырудың амал-тәсілдерін жақсы біледі деген ойда жүретін едім», – деп түсіндіреді Джордж.

Некеден безумен салыстырғанда, асексуалдық – таңдау емес. Джордж өмірінде бір рет болсын жыныстық құмарлық сезінбеген. Алайда, өзге де асексуалдар сияқты ғашық болып, ұзақ уақыт романтикалық қатынас құрады.

Гоморомантиктер деген кімдер?

Джордж бен Софидің алғашқы сүйісі ғашықтардың екеуіне де тосын жай болған. «Мен Джордждың гоморомантик екеніне сенімді едім. Алайда бұл жағдай романтизм ұғымының әр алуандығын тағы бір мәрте дәлелдеді», – дейді Софи.

Гоморомантиктер – өз жынысындағыларды ұнатып, романтикалық қатынас құратын адамдар. Бұл – бір адамның екінші адамға ынтықтығын сипаттайтын терминдердің бірі ғана.

«Мен үшін жыныстық қатынас пен махаббаттың еш байланысы жоқ. Керісінше, екеуі тығыз байланыста болуы тиіс деген ойдың өзі ұялтады. Жыныстық қатынасты махаббат сияқты кең ауқымды және әр алуан түсінік деп білемін», – дейді Софи.

“Сұр асексуал”

Өзінің ерекшелігін сипаттай отырып, Софи «сұр асексуал» терминін қолдануды жөн көреді. Ғаламтор парақтарын ақтару барысында асексуалдар жайлы түрлі блогтар мен форумдардан аталған сөз тіркесін көзі шалған.

«Сұр асексуал» терминінің нақты анықтамасы жоқ. Әдетте өзін асексуал санағанымен, анда-санда жыныстық құмарлығы оянатын адамдарды осылай атайды.

Софи кей кездері ғана жыныстық құмарлықты сезінген. Бұл жайында Софидің өзі: «Ол күрт пайда болады да, қайтадан жоқ болып кетеді. Кейде оны сезінемін, алайда мән бермей, өзге шаруаларымды жалғастыра беремін», – деп түсіндіреді.

Асексуал жартылай асексуалға қарсы

Асексуал топтарының ерекшелігі мен әр түрлілігі себепті олардың арасында түсінбестік орын алып жатады. Өз табиғаты мен жыныстық құмарлық ұғымын бұрыс түсінуі не толық түсінбегені жайлы оларға қойылатын сұрақтар да аз емес.

«Асексуалдардың арасында әлі күнге дейін түсінбеушілік бар», – дейді өзін жартылай асексуал деп білетін Эви Брил Паффард.

«Асексуалдық адамда жыныстық құмарлықтың жоқтығын білдіреді. Бірақ ол – басқа да сезімдерді жоққа шығару емес. Асексуалдық түрлі сипатта көрінуі мүмкін», – деп қосады Паффард.

«Жартылай асексуалдық» термині араларында жылылық пен жақын эмоционалдық байланыс орын алғаннан кейін ғана ынтықтық пен құмарлық сезінетін адамдарды сипаттау үшін қолданылады.

«Көпшіліктің бір кездескеннен-ақ бір-біріне жыныстық құмарлықты сезінуі – қалыпты құбылыс. Бірақ менде ондай сезім болған емес», –Эви Брил Паффард.

Асексуалдар және қоғам

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, өзге жыныстық көзқарас иелеріне қарағанда, қоғамның асексуалдарға деген жиіркеніші мен жағымсз пікірі басым екендігі анықталған.

«Асексуалдардың көзқарасы мен өзін өзгеше сезінуі басқалардың санасында өз әрекеті мен түсінігіне байланысты сұрақ тудырады. Бұл жағдайды осы арқылы түсіндіруге болады», – деп есептейді Ник Блэйк.

Ол – асексуал емес. Бірақ Лиз Уильямсон есімді жартылай асексуалмен көңіл қосқандарына жарты жыл болған.

Кейбір адамдар жыныстық құмарлығы бар адамдардың асексуалдармен бақытты болып жататынына сене алмайды. Лиздің айтуынша, кез-келген қарым-қатынаста ортақ шешім мен тіл табысу керек.

«Ең дұрысы, жыныстық қатынасқа дейін мәселені ашық айту керек»

Жыныстық қатынасқа деген әр алуан көзқарас себепті, асексуалдық қарым-қатынастың да өзіндік қиынықтары бар. Кей асексуалдар жыныстық қатынас жайлы ойдың өзінен жиіркенсе, кейбірін ол мәселе қызықтырмайды да. Тіпті, ұнатқан адамы үшін жыныстық қатынасқа түсетін асексуалдар бар көрінеді.

«Махаббат машақатына беріліп, жыныстық қатынасқа түсетін адамдардағы сияқты, бізде де түрлі қиындықтар орын алып тұрады. Себебі таңдаған серігіңнің кім екені, оның көзқарасы жайлы бірден біле бермейсің. Ең дұрысы, жыныстық қатынасқа дейін мәселені ашық айтып, ақылдасу керек», – дейді Лиз.

Лиздің асексуалдығы еш уақытта Никке қиындық тудырған емес.

«Егер қарым-қатынас жаныңа рахат сыйласа, жыныстық қатынастың бар не жоқ екендігі маңызды емес деп ойлаймын. Екі жылдан кейін мұны өз тәжірибемде өзіме де, өзгеге де дәлелдедім», – дейді Ник.

Шындық:

  • Асексуалдар Ұлыбритания тұрғындарының 1%-ын құрайды.
  • Асексуалдар да жыныстық құмарлық сезімі болмайды.
  • Асексуалдар өз бойында жыныстық құмарлықтың ұшқын бермеуін күрделі мәселе, қиындық деп санамайды.
  • Асексуалдық спектрі де үлкен – абсолюттіден “сексуалды” асексуалдарға дейін.
  • Өзін асексуал санайтындардың бірқатары жыныстық қатынасқа түседі. Оған қоса, сүйіктілері де бар.
  • Романтикалық сезімге ие асексуалдар өздерін гетеро немесе гоморомантиктер қатарына жатқызады.

ВВС қызметінің мәліметі бойынша

Талқылау