Асанов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 18:15

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Асанов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды.

бас-прокурор

Бұл туралы Ақорданың Туиттердегі ресми парақшасында жария етілді.

Жақып Асанов 2012 жылы қыркүйек айынан бері ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Жақып Қажыманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласының прокуратурасында жұмыс істеген.
ҚР Президенті Әкімшілігі заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

1997-2005 жылдары – ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры, ҚР Әділет вице-министрі.

2007 жылы ҚР парламенті мәжілісінің 4-ші шақырылымына депутат болып сайланған. 2012 жылғы қаңтардан бастап – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болды.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар