Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дүкеннің ашылуы кезіндегі кептелістен 12 жасар бала зардап шекті

Ақтөбеде тұрғындар тауарға таласамын деп зардап шекті. Қаладағы бір ірі дүкен заттарын екі есе арзан бағамен сататынын естіген жұрт солай қарай ағылған.

Безымянный111Безымянный111

Бұл туралы STAN.KZ КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Халықтың көп  болғаны сонша бірнеше адам жаншылып жарақат алды. Арасында 12 жасар бала да бар. Ал 66 жастағы зейнеткердің қан қысымы көтеріліп сол жерде құлаған. Жедел жәрдем қызметіне сол жақтан хабарласқандар көбейген. Ақыры дәрігерлер дүкен алдында кезекшілікке қалуға мәжбүр болды. Сондай-ақ, гипермаркеттегі жеңілдік жол сақшыларын да әбігерге салды. Көліктің көптігінен Кеңес Нокин даңғылында жол қозғалысы қиындап, кешке дейін кептеліс болды. Дүкен иелері де халықты сабырға шақырудан шаршағандарын айтады. Тұрғындардың осыншама көп келетінін күтпеген олар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінді. Жүзге жуық полиция қызметкері бір күн бойы сол маңды бақылаумен болды.

“Бас киімімді жоғалтып алдым. Аяқ киімімді де, жоғалытып алдым аласапыранның ішінде. Балам аяғын ауыртып алды. Жедел жәрдем шақырдық осында”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Қайрат Кенжеғұл.

Талқылау