Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Арзан сақина сатып алған әйел 33 жылдан кейін аяқ астынан байып кетті

Англияда қайырымдылық ұйымының қызметкері Дебра Годдард анасына көмектесу үшін сақинасын сатып жібермек болыпты. Осылайша ол ойда жоқта байып кетті.

Арзан сақина сатып алған әйел 33 жылдан кейін аяқ астынан байып кетті

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дебра 33 жыл бұрын жаппай сатылым болып жатқан жерден 10 фунтқа (қазіргі бағам бойынша 4 500 теңгеден аса) сақина сатып алған. Ол сақинадағы тас жай ғана шыны деп ойлапты. Сондықтан ол сақинаны көп тақпай, қорапқа салып қойып жүрген.

Бірде Дебраның анасы алаяқтардың құрбаны болып, жинаған ақшасының бәрінен айырылып қалған. Содан кейін әйел сақинаны зергерге алып барып, оның бағасын білмек болады. Сол кезде ол сарапшының сөзін естіп құлап қала жаздаған. Сақинадағы жай ғана  шыны емес, нағыз гаухар тас болып шықты. 26,27 карат болатын гаухар тастың құны он мыңдаған фунтқа бағаланған.

«Мен зергерге барғанда ол талып қала жаздады. «Мұның не екенін білесің бе? Бұл гаухар тас», – деді. Мен сақинаға түнімен қарап отырып, не істейтінімді ойладым», – дейді Дебра Годдард.

Арзан сақина сатып алған әйел 33 жылдан кейін аяқ астынан байып кетті

Мұнан кейін Дебра танымал аукциондық үйге барып, зергердің сөзінің растығына көз жеткізгісі келген. Ол жердегілер тасты 740 мың фунтқа (360 млн теңгеден аса) бағалапты. Десе де аукциондық шығындардан кейін әйелдің қолына тек 470 мың фунт (229 млн теңгеден аса) тиді.

Осылайша 55 жастағы әйел анасына көмектесемін деп аяқ астынан байып кетті. Артынша ол өзінің фирмасын ашып алып, өзінің сәттілігі туралы кітап жазды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр