Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстандар заңсыз аң аулап жүрген аңшыны жеп қойды

Оңтүстік Африкааның Крюгер ұлттық паркінде заңсыз аң аулап жүрген аңшыны арыстандар жеп қойған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, bbc-ға сілтеме жасап.

Аңдарды өлтіріп жүрген аңшының өзі арыстандарға жем болды. Оның денесі демалыс күні Худспрёйт жанындағы ойын саябағынан табылды.

«Аңшы заңсыз аң аулап жүрген жерінде құрбан болған. Аңдар оның басы мен кей мүшелерін ғана қалдырған», – дейді полицейлер.

Адамның кім екені анықталмады. Қалған денесінің жанынан аң аулау мылтығы мен оқ-дәрілер табылды.

Соңғы жылдары Лимпопо провинциясында арыстандарды заңсыз аулау жиілеп кеткен.

Born Free Foundation жануарларды қорғау ұйымының айтуынша, арыстанның терісі Оңтүстік-Шығыс Азияда жолбарыспен ауыстырылады.

Тағы оқыңыз:

Ғарышкер Балқаш көлін ғарыштан суретке түсіріп алды (фото)

Ғашықтар күніндегі ақылға сыймайтын әрекеттер

Қызын шегелеп қойған ана: Оның ішінде жын болғасын крест тықтым

Валентин күні туралы сіз білмейтін 14 тарихи факт (фото)

Талқылау