Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Головкин еліміздің мақтанышы

Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өткен Головкин мен Альварестің жекпе-жегінде алғаш рет жеңіліске ұшыраған отандасымызға барлық қазақстандықтар қолдау көрсетуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Головкин еліміздің мақтанышы

Өз кезегінде Мәденит және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Головкинге деген әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсетті.

«Гена, сен біздің Чемпионымызсың, саған алғысымыз зор, қолыңнан келгеннің барын жасадың. Баршамыз сені мақтан тұтамыз» деп жазған Арыстанбек Мұхамедиұлы министрлік атынан жолданатын хаттың мәтінін көрсетті.

«Мәденит және спорт министрлігінің атынан және өз атымнан бүгінгі жарқын кездесу үшін алғыс білдіргім келеді. Спортты алдын-ала болжау мүмкін емес, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді, алайда қазақстандықтардың Гена батырына деген махаббатын өшіру мүмкін емес. Сен бүкіл әлемге қазақстандық бокс мектепбінің әлеуетін көрсеттің. Бізбен енді тек әуесқойлық ринтге ғана емес, кәсіптік де санасатын болды. Сенің кәсіби мансабыңда жарқын да әсерлі жеңістер болды және болады да. Сен еліміздің мақтанышысың. Саған зор денсаулық, отбасылық береке, кәсіптік рингте табыс тілеймін!», – деп атап өткен министр.

Естеріңізге салсақ, Головкинге қазақстандық жұлдыздар да қолдау көрсетіп, еліміз үшін тек Геннадий ғана чемпион болып қалатынын айтқандары туралы жазғанбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау