Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі аккаунтының неліктен жабылып қалғанын түсіндіріп берді

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желі әлеміне қайтадан келді. Министр өз тарапынан желідегі парақшасының неліктен бұғатталып қалғанын түсіндірді.

15272046_115992988888694_2637480994655353574_o

“Көбісі менің Фейсбуктегі аккаунтымның техникалық себептерге байланысты бұғатталып қалғанынан хабардар шығар. Бірақ мен сіздермен қайтадан қауышқаныма қуаныштымын. Желіге енді ғана келіп жатқандықтан, парақшама қатысты қандай да бір кеңестер мен ақылдар болса қабылдаймын”, – деп жазды  парақшасына Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрдің аккаунты ол желіге тіркелгеннен кейін бір күннен соң-ақ қайта жабылып қалған еді.

“Мен шындықты айтып қоя ма деп қатты қорықса керек”, – дейді министр.

Алғаш рет 27 қараша күні парақшасын ашқан Мұхамедиұлы оны тұрақты түрде жүргізіп, барлық сауалдарға тікелей өзі жауап беретінін айтқан еді.

Бұған дейін министр өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірген еді.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған

Талқылау