Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбукте жеке парақшасын ашты

Фейсбук әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашқан ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аккаунтты кім жүргізетінін айтып, оқырмандарына жауап берді.

15272046_115992988888694_2637480994655353574_o

“Қымбатты достар! Біріншіден, көптеген қалдырған пікірлеріңіз үшін алғыс айтамын. Әлеуметтік желіге қосылуды ойлаған кезде, түрлі пікірлер болатынын ескердім. Әр адам өзіндік пікірін айтуға құқылы деп ойлаймын”, – деп жазды Мұхамедиұлы өз парақшасында.

Аккаунты шын мәнінде өзі жүргізіп отыратынын айтқан министр, былапыт пікірлер мен арандатушылық мәндегі жазбаларды қабылдамайтынын жеткізді.

“Мұнда бірқатар оқырмандар маған тек қана сын айта беретін адамдардың пікірлерін өшіріп отыруға кеңес берді. Бірақ, маған қарсы болғанына қарамастан мен адамдардың жеке пікірін құрметтеймін. Әйтседе мен үшін әдептен асып кеткен сөздер жайсыз тиеді. Барынша ашық болып, сіздердің ұсыныстарыңызға жауап қатып отыруға тырысамын. Егер достық қабылдай алмай, жауап беріп үлгермей жатсам түсіністікпен қараңыздар”, – деді министр.

Бұған дейін министр өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірген еді.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға америкалық демократияны енгізуді негізсіз деп тапты

Имашев Назарбаевтың есімін Петропавл не Павлодар қаласына беруді ұсынды

Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынды

Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады

Талқылау