Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы әйгілі Голливуд актерін әуежайдан күтіп алды (фото)

Астанаға әйгілі голливудтік актер Эдриан Броуди келді. Танымал әртісті мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана әуежайының ВИП-терминалынан күтіп алды.

efac23d5ad70b30758b6bfbd0064fe12_crop_l_-4_t_45_w_902_h_5073

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Ертең, 22 шілде күні әлемдік киноның жұлдызы Николас Кейдж және Джон Малковичтермен бірге халықаралық “Евразия” кинофестивалін ашады. Эдриан Броуди Астанаға дейін 20 сағат ұшып келгенін айтады. Бүгін шаршап тұрмын деген әртіс, журналистермен ертең сұхбаттасуға уәде берді.

a3646e898530c3e8f3b6e966cc2c41cc

Актердің көмекшісінің айтуынша, Эдриан Астанаға төрт жыл бұрын да келген. Бірақ, ол кезде елордамен танысуға мүмкіндік болыпты. Ал осы жолғы шақыртуды актер қуана қабыл алған және Астанамен егжей-тегжейлі танысатынына қуанышты көрінеді.

84506da5a18ed06ee7e0720b26d98adc

Эдриан Броуди – танымал америкалық актер және кинопродюсер. 40-тан астам фильмге түсіп, “үздік актер” аталымы бойынша “Оскар” сыйлығын иеленген.

Оқи отырыңыз:

Әли Оқапов марқұм Linkin Park әншісі туралы естелігін бөлісті

Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)

Жолдыбаева анасын құттықтау үшін Маңғыстауға Алматыдан торт алып барды

Алуа Қонарова: “Эксперттердің” айтуынша, 17 жыл плагиатпен айналыссыппын

Талқылау