Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Абай Құнанбайұлы скрипкада ойнаған

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Жұлдыз» FM радиосына берген сұхбатында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының скрипкада ойнағанын айтып берді.

1440750165yp8ko

Министр кино төңірегінде әңгіме өрбіте отырып Құнанбайдың ағартушылық қызметі жайлы айтып өтті.

«Құнанбай аға сұлтан ғана емес, ағартушы да болған. Ол Абай, Шәкірім, Ақылбай т. б балалары мен туыстарына скрипкашы маманын шақыртып оқытқан. Абай жас күнінде скрипкада ойнаған», – дейді Мұхамедиұлы.

Бұған дейін Абайдың үлкен ұлы Ақылбайдың сауықшыл, әнші, скрипкашы болғаны жайлы баспасөз беттерінде жазылып келді.

Ал, Бауыржан Ердембеков «Абайдың әнші шәкірттері» атты мақаласында Құнанбай емес, Абай скрипкашы маманды шақыртып, айналасындағыларды музыкаға баулығанын жазған.

«Абай қасындағы аса талантты әнші-музыканттарды атағанда алдымен Мұқа Әділханұлы есімі айтылады. Сонау Халиолла қаладан келіп жүрген кездерде Абай ауылының ән мен күйін келтіретін Мұқа келе-келе Абай ауылындағы әншілер мектебінің ұстазына айналды. Музыка өнерін қаладан арнайы үйреніп келген Мұқадан Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Тұрағұл, Әлмағамбет, Мұхамеджан, Өтегелді тағы бірнеше жастар домбыра, гармон, скрипка тартып, музыка тілін үйреніп шығады. Абайдың Мұқа сияқты талантты ауылына алғызуы сияқты өнегелі ісі өз шәкірттерінің өмір жолында да жалғасқан. Мәселен, Мағауия інісі Тұрағұлдың ән-күйге әуестігін біліп Семейден Яков деген скрипкашыны алдырып, ақы төлеп, Тұрағұлға скрипка үйреткен. Мұқаның талантын аса жоғары бағалаған Абай оны музыка саласында оқыту үшін Мәскеу, Петербор сияқты үлкен қалаларға жібермек болып, арнайы киім тіккізіп, жол жабдығын да дайындаған көрінеді», – деп жазады автор.

Жіберіп алмаңыз:

Отаның көмегі болмады: Тахмина Әбішеванің дерті қайта асқынды

Павлодарда полицейлерді мазақ қылған қос келіншек қар тазалады

Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек

Елбасы “Түнгі студияда” жұмақ туралы тәрбиелік мәні зор әңгіме айтып берді (видео)

 

Талқылау