Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстан өте қымбат тұратын фотоаппаратты шайнап тастады (фото)

Томас Селинг жан-жануарларды суретке тартып, аты әлемге танылған атақты фотограф. Жуырда оның қатысуымен жұмыс барысында ыңғайсыз жағдай болды.

1466955641_lvica-ne-pozvolila-sebya-sfotografirovat-slomav-doroguschuyu-fotokameru

Ол арыстандарды суретке түсіру үшін Кениядағы Ұлттық саябаққа барады. Ол жайылып жүрген аңдардан алыс емес маңға фотокамерасын жақсылап орнатады. Сосын ол камера объективін арнайы пульт арқылы басқармақшы болады.

Осы сәтте фотокамераны байқап қалған арыстандардың бірі жүгіріп келіп, құрылғыны тістеп алған. Бұдан соң бірер метр жерге кейін шегінген жыртқын аппаратты сындыра бастайды. Қолынан еш шара келмеген фотограф болса 1300 фунт тұратын фото құрылғысының арыстанға жем болып жатқан сәтін тек суретке түсіріп алған.


Арыстандар туралы 20 қызықты дерек

Талқылау