Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ары бар қыз олай жасамайды: Отандық жұлдыздар Ернар Айдарға тоқал болғысы келген бойжеткен жайлы

Жақында отандық бағдарламалардың біріне келген Ернар Айдар жайсыз жағдайға топ болған еді. Тікелей эфирдің қонағы ретінде қатысқан Зарина есімді ару танымал әншіге сезімін білдіріп, тоқал болғысы келетінін жеткізген. Алайда, 26 жастағы қыздың бұл қылығынан қазақ өнерінің өкілдері де хабардаар екен.

Ары бар қыз олай жасамайды: Отандық жұлдыздар Ернар Айдарға тоқал болғысы келген бойжеткен жайлы

Осы орайда Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісі жұлдыздар арасында арнайы сауалнама жүргізіп, олардың тоқал тақырыбына қатысты пікірін біліп көрді.

«Қыздың жігітке өзі ұсыныс тастағаны маған ұнамайды. Ол жерде бір шикілік бар деп ойлаймын. Олар бас қосқанмен де ол жерде махаббат болмайды. Бастапқыда бірінші қосылған кезде қызық болуы мүмкін. Кейін ойлана келе өздері өкінетін болады. Қанша дегенмен де арын жібермейтін қыз бірінші болып сөз салмайды. Біздің қазақта ондай болмаған. Сондықтан ары бар қыз, бірінші жігіттің сөзін күту керек деп ойлаймын. Ондай махаббатың соңы дұрыс болмайды», – дейді Кенжебек Жанәбілов.

«Тоқал сөзі қоғамды өзекті тақырыпқа айналды. Қазір екінші әйел, үшінші әйел деп қозғай бастасаң, қатын-қалаштың, әйелдердің шаштары тік тұратын болды. Негізі ұлы істер үндемей тындырылады. Бұл халықтың шаруасы емес, бұл бәйбіше, еркек және екінші әйелдің шаруасы. Ал эфирге шығып, сезімін білдіру дұрыс емес. Ол басқа қыздарға деген құрметсіздік болады. Ол бүкіл қыз атаулыны алып шығып тұр. Қазақтың қызы деген атақты алып шыққаннан кейін, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Басқа қыздардың намысына тиіп кетеді. Барлығы жасырын түрде болуы керек», – дейді «Меломен» тобы.

Ал, «Меломен» тобының экс-әншісі Жігер Ауыпбаев бұрынғы топтастарының пікірімен келіспейді. Сауалнамаға ат салысқан әртістер арасында сезімін білдірген қызды қолдағандар да бар.

«Егер ғашық болып тұрса сезімін білдірсін. Несі бар? Енді төрт әйел деген шариғатта да бар нәрсе ғой. Шариғатта бар нәрсеге қарсы шыға алмаймын», – дейді Жігер Ауыпбаев.

«Ол қыз Ернарға ғашық болып қалған шығар. Ғашық болып қалса қиын ғой. Бірақ баяғыда біріншісі шекер, екіншісі бекер деп менің әжем айтатын. Тоқал алу дегенді мен түсінбеймін өзім. Жалпы енді ер адам бір әйелмен қалу керек қой», – дейді Нұрлан Еспанов.

Асхат Тарғынов сезімін білдірудің де түрлі тәсілдері барын айтады. Ол Ернар Айдарды тікелей эфирде тығырыққа тіреген қыздың әрекетіне қатты қапалы.

«Әрине, қыз баланың қылығы дұрыс емес. «Қызға қырық үйден тыйым» дейді ғой қазақта. Ол өзі барып күйеу іздеп, мен саған тиемін деген қате. Қатты өліп бара жатса, сезімін біреу арқылы білдірсе болады. Бірақ тікелей эфирге шығу дұрыс деп ойламаймын. Қыз баланың сезімін тікелей айтқаны нағыз ұятсыздық», – дейді Асхат Тарғынов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау