Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Жазылбекова тек қазақтарды таситын такси жүргізушісіне ашуланды

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова желіде такси жүргізушісімен өрбіткен диалогын жариялады. Актриса тек қазақ ұлтының өкілдерін керек жеріне жеткізіп салатын такси жүргізушісіне ашуланды.

12751437_1703461609893723_251827821_n

Назарларыңызға диалогтың қазақша нұсқасын ұсынамыз:

Аружан: Асықпай, жай жүрсек бола ма?

«Танымал әрі сәнді такси» жүргізушісі: Баратын жерім бар еді. Сол жерге үлгермей қалам ба деп…

Аружан: Ендеше менің тапсырысымды неге қабылдадыңыз?

«Танымал әрі сәнді такси» жүргізушісі: Сіздің қазақ қызы екеніңізді көрген соң. Қарындасымды жеткізіп салайын дедім. Сіздің алдыңызда да біреу тапсырыс жасаған. Клиент қазақ болмағандықтан, бас тарттым. Есімінен өзге ұлт өкілі екенін аңғардым.

Аружан: Көлігіңізге тек қазақтарды мінгізесіз бе?

«Танымал әрі сәнді такси» жүргізушісі: Мүмкіндігінше, иә!

Жазбаны осы жерден тоқтатқан Жазылбекова диалогтың соңын жарияламауды құп көрген. Айтуынша, жүргізушінің одан кейінгі әңгімесі бос сандырақпен тең. Актриса мұны ұятты жағдайға теңеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Аружан Жазылбекова эротикалық көріністерге қатысты түсініктеме берді

Аружан Жазылбекова қазақ киносының кемшіліктерін атады

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов: Мен арақ ішемін және былапыт сөздер айтамын

Көзге жас келтіретін бейнебаян! Динара Сұлтан мүгедек балаларды қолдап клип түсірді (видео)

Талқылау