Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Жазылбекова мен Нұрлан Әлімжан Моңғол тарихи фильміне түсті

Аружан Жазылбекова мен Нұрлан Әлімжанға Моңғол елінің тарихи фильмінде басты кейіпкерлерді сомдау бұйырды. «Тұлпар» тарихи картинасы таяу күндері таспаға түсуге де әзір.

Аружан Жазылбекова мен Нұрлан Әлімжан Моңғол тарихи фильміне түсті

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Моңғол режиссеры – Ганболд Эрдэнэбилэгтің туындысы адам мен жылқы тұқымының арасындағы достықты баяндамақ. Жоба арқылы авторлар, Азия елдерінің мәдениеті мен тамаша табиғатын әлемге таныстырмақ екен. Фильм 70 мемлекетте көрсетіледі деп жоспарлануда.

Кинолентаны Голливудтық «Three Flames Pictures» компаниясы қолға алған. Моңғолиядан бөлек, АҚШ та қаржылай көмек көрсетуге келіскен. Ал, Аружан мен Нұрлан Ұлан-Батыр қаласындағы түсірілім алаңына аттануға дайындық үстінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау