Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Саин: қайырымдылық жолымен жиналған қаражатқа есеп берілуі тиіс

«Дом» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин өзінің Инстаграм парақшасында қайырымдылық жолымен жиналған қаражатты заң бойынша қадағалауды және белгілі жауапкершілікті енгізу туралы жазған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аружан Саин: қайырымдылық жолымен жиналған қаражатқа есеп берілуі тиіс

Өз кезегінде Аружан Интернет желісіндегі «Улы қайырымдылық: балаларының ауруын сылтау қылған ата-аналар қалай миллиондар табады және онкология саласының «перілері» кімдер атты мақаланы оқуға кеңес берген.

Сонымен қатар, өз еркімен қайырымдылық жолымен ақша жинайтын ата-аналар оны лайықты түрде жасауын және белгілі талаптарды орындауының қажеттілігін атап өткен.

«Біз керекті қаражатты өз еркілерімен жинайтын, бірақ оны лайықты жолмен істемейтін ата-аналарды жиі кездестіреміз. Лайықты түрде дегеніміз не:
1. Диагнозды растайтын және емдеу жолдарын белгілеген медициналық құжаттарды жариялау.
2. Емхана берген шоттарды жариялау.
3. Емге төленген құжаттарды жариялау.
4. Ақша жиналып жатқан барлық реквизиттердің көшірмелерін жариялау және оны растайтын еріктілерге көрсету. Бұл қанша ақша жиналды және қанша жетпей жатқанын білу үшін қажет.
5. Керекті ем шараның бағасы жеткілікті көлемде болған аурухананы таңдау, ал бағалардың айырмашылығын айтар болсақ, бір емге әр жерде әр түрлі баға болуы мүмкін.
6. Жиналған қаражатты барынша үнемдеу жұмсау, мүмкіндігі жеткен нәрселерді өзі орындау», – деп жазған Аружан.

Оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда кез келген қайырымдылық жолымен ақша аударған азамат өзінің берген көлемін кері қайтаруын талап ете алады. Және осындай пост жазып отырғанының да белгілі себептері бар екенін айтты.

«Неге жазды дейсіздер ме? Өйткені ақшаны мұндай қайырымдылық жолымен жинау адамдарға кері әсерін береді. Көптеген жандардың көңілі қалып, келесі жолы көмек беруге ұмтылмайды. Ал көмекке мұқтаж болып отырған баланың саны азаяр емес. Осындай әрекеттен лайықты түрде ақша жинап жатқан кісілер зардап шегеді. Сондықтан қайырымдылық жолымен жиналатын қаражат қалыптасқан тәжірибеге және Интернет желісінің ережелеріне сай болуы керек», – деп атаған «Дом» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин.

Аталған жазба желіде қызу талқыға түсіп, оның астына пікір қалдырушылар саны сағат санап артып, олардың ойлары да екіге бөлініп жатыр.

Желі қолданушылардың арасында Аружанмен келіспейтіндердің саны аз болды. Дегенмен қарсы пікірлерін жазып, өз ойларымен бөлісті. Олардың көбі «Отбасында ауру бала босла қайдағы есепті береді. Сендерге тағы қандай ақтау қажет. Кім қандай және қанша ақша берсе де, әркім өзі біледі. Тіпті керек қаражаттан көп жиналып қойса да. Ауру балаларға ақша ешқашан артық етпейді» деген сияқты пікір қалдыруда.

Ал Аружанның жариялаған жазбасын қолдап, болашақта барлық қайырымдылық жолымен жиналар қаражатқа заңды түрде қадағалау керек екенін атап отырғандардың саны басым болды.

«Аружан жарайсыз! Осы сұрақты біреу көтеру керек болып жүрген. Желі арқылы жиналған ақшаны міндетті түрде қадағалау керек. Өйткені бұлай ақша жинайтындардың барлығы адал болмайды. Тіпті ақшаны жинап алып, бәрін халықтық емге жұмсап, ауырып жатқан балаларының жағдайын ушықтырғандар да бар. Бұл жерде қажетсіз жұмсағанды айтпағанда» деп жазған Аружанның ойын қолдап отырған қолданушылар.

Естеріңізге сала кетсек, кезекті материалымызда Аружан Саинның қайырымдылық қорының өкілі жиналған қаражатқа есеп бермеудің неліктен дұрыс емес екендігін айтқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау