Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Саин еліміздегі туризмнің дамуына қарсы шықты

Қоғам белсендісі, «ДОМ» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саин қоршаған ортаның ахуалы туралы айтып, елімізде туризмнің дамуына қарсы екенін жеткізді. Оған қорықтық аймақтардың, қоршаған ортаның қоқыстан көз ашпауы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аружан Саин

«Мен туризмнің дамуына қарсымын. Адамдар табиғатқа шошқа тәрізді қарайды. Кез-келген жерде қоқыс қалдырады, өздері тұрып жатқан жерді де қорғамайды. Олар бұлай жасауға болмайтынын түсінбейді де. Бізді, яғни адамдарды, табиғат аясына жіберуге болмайды. Себебі аяғымыз басқан жердің ластаймыз. Сол үшін үйде қоқыс шелегінің жанында отыруымыз керек», – деп жазды Саин Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, Аружан Саин Үлкен Алматы көліндегі жағдайды көрсетіп, сол жерде шашылып жатқан қоқыс түсірілген суретті жариялады.

«Қайдағы шетелдіктер? Олар осындай көріністі көруі керек пе?» – деп сауал жолдады қоғам белсендісі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Аружан Саин (@aruzhan_sain)

Сонымен қатар Саин қорықтық аймақтарда қоқыс тастағаны үшін неліктен айыппұл салынбайтынын түсінбейтінін айтты.

«Экологиялық посттарда не үшін ақша алады? Адамдар қорықтық аймаққа келіп, ол жерге көптеген қоқыс лақтырып кетуі үшін бе? Онда неліктен барлық жерге қызметкерлерін қойып, тым болмағанда айыппұл салмайды?» – дейді ол.

Сондай-ақ, мұндай жағдай тек қорықтық аймақтарда ғана емес, жазық далада да кездесетінін атап өтті.

Өз кезегінде Аружан Саин мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарында міндетті түрде табиғатты қоқыстан тазалауды үйрететін тәжірибе енгізу керектігін айтты.

«Ай сайын тонналаған қоқысты жинау арқыды өскелең ұрпақ қоршаған ортаны, табиғатты, туған жерін қорғауды үйренетін шығар», – дейді Саин.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау