Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арулар сайысының жеңімпазы жеңіске жету үшін 4 күн бойы тамақ жемегенін мойындады (фото)

“Miss MAXIM ВКонтакте 2016” сайысының жеңімпазы жеңіске жету үшін төрт күн бойы тамақтан түбегейлі бас тартқаны үшін қатаң сынның астында қалды.

miss-maxim-970-head-2

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

21 жастағы Наталья Шувалова Төменгі Новгород қаласында студент. Ол мыңның арасынан суырылып шығып, “Ресейдің ең сексуалды қызы” атанған. 

Наталья төрт күн бойы нәр татпағанының арқасында жеңімпаз болғанын мойындады. Ол сондай-ақ, марапаттау салтанынан соң “Макдоналдсқа” қуана-қуана барған болар едім дейді.

Ал желі қолданушылары болса конкурста жеңіп шығу үшін ашығу өзге қыздар үшін жақсы үлгі емес деп санайды. 

Дегенмен, ұйымдастырушылар Натальяның дайындалу тәсіліне емес, дайындық периодының ұзақтығына алаңдаған.

“Шын мәнінде мен мұны естім қатты таңқалдым. Сайыс шарты бойынша ол финалға төрт күн қалғанда емес, сайысқа бір апта қалғанда дайындалуы тиіс еді. Ал денсаулық мәселесіне келсек, әйелдер үшін бәрібір сұлулық бірінші орында”, – дейді Maxim Russia журналының бас редакторы Александр Маленков. 

Наталья жеңімпаз болып 4000-нан астам қыздың арасынан таңдалған. “Рас, төрт мыңның арасынан жүз шақты қызды таңдап алу қиынға соқты. Ал жүзден небәрі он қыз ғана таңдауымыз керек болды”, – дейді Маленков.

Miss MAXIM 11-ші жыл сайын өткізілетін сайысқа әлемнің әр түкпірінен де арулар қатыса алады. Әділқазылар алқасын белгілі тележүргізуші, “Ералаштың” құрушысы Борис Грачевский басқарған.

Наталья оқумен қатар чирлидер болып жұмыс істеп, гоу-гоу билейді. Әзірге университет бітірген соң нақты не нәрсемен айналысатынын шешпепті.

“Бұл туралы әзірге ойланбадым. Бірақ қазір модель болып жұмыс істеймін және бұдан ләззат аламын”, – дейді Наталья. 

Енді ол қыркүйек айында MAXIM журналының мұқабасына шығады. Ол модель болғысы келетін қыздарға “кешкі 8-ден соң ештеңе жемеңіздер” деп кеңес береді.

Талқылау