Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай елдің жігіті қандай қасиетімен сұлу саналатынын білесі бе? (фото, видео)

Географиялық, ұлттық-танымдық жағдайына байланысты, әр елдің ер-жігіттері әртүрлі болып келеді. Олардың әдемілігі де, тұрпаты да бір-бірінен түрлі деңгейге орай, ерекшеленіп тұрады.

menbeauty05

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Австралия

14444

Австралиялық ер адамдардың қандай танымалдылыққа ие екенін білу үшін ең сексуалды актерлердің тізімін қарай салу жеткілікті. Өйткені, ағайынды Хемсворттар әркез алғашқы ондықтың қатарында жүреді. Австралиялық еркектер косметологқа барып, пластикалық ота жасатуды әбестік деп санамайды. Бет-әлпетін сылап-сипап, олқы жерін түзететіндер жасыл құрлықта аз емес. Австралиялықтардың орташа бой ұзындығы – 175 см.

Корея

menbeauty02

Кәрістерде ер адамдар әйелдерге қарағанда косметикалық қызметтерді аз тұтынбайды. Ерінді жылтыратып, қастарын күзейтін жігіттер мұнда көп. pixie әйел шаш үлгісіне ұқсас үлгілерді сән еткен еркектер, сақал өсіруге тіпті де құмар емес. Есесіне көзін үлкейтіп, түрлі препараттар қабылдау әдеттегі іске айналып кеткен.

Үндістан

menbeauty03

Болливуд кинолары арқылы үнді еркектерінің атағы асып, жігіттік мінездері жиі көрініс табады. Бірақ, бір қызығы осы қалаға таяу маңда барлық ерлерге арналған косметиканың 65 пайызы сатылып кетеді екен. Әсіресе, ағартатын кремдер мен шашқа арналған құралдар ерекше табыс әкеледі. Соңғы кездері үнді еркектері тек шаш үлгілерін өзгертіп ғана қоймай, оны бояуға да көшкен.

Ресей

155555

Ресейде мықты жігіттер – әдемі жігіттер болып саналады. Әйелдердің жүрегін жаулайтын ер адамдардың көбісі – түсі әдемі шашы бар, жанары отты, жүрісі тік, ірі денелі еркектер екен. Тым қатты косметикалық тәуелділік түскен демесек те, ресейлік жігіттер сақалын дұрыстап, иіссу себініп, толыққанды әдемі болып жүруге келгенде уақыты мен ақшасын аямайды.

Франция

menbeauty05

Француз жігіттері үнемі өз-өзін керемет күтетін, әрі стилді бейнеде көрінеді. Мәселе тек шаш пен сақалды сәндеп қыруда емес. Олар тіпті ұсақ-түйекке дейін мән береді: тістерін аққа боятып, маникюр жасатып, көз тамшыларына дейін тұрақты қолданады. Өз-өзіне ерекше мән беретін ер адамның киім ілгішінде шарф, қолғап, шляпа және көзілдірік міндетті түрде болады.

Англия

menbeauty06

Азияда ақшыл өңді еркектер әдемі саналса, Англияда керісінше. Ерлер арасындағы ең үздік процедура күнге қыздырыну. Ағылшын әйелдерінің көпшілігі сақалы жоқ, беті таза ер адамдарды ұнатады екен. Айтпақшы, ағылшын қыздарына ұнау үшін татуировканың да болуы маңызды.

Италия

menbeauty07

Италияда костюм киген ер адамдардың барлығы сый-құрметке лайықты. Италияндық жігіттер өз-өздерін күтіп, құрметтеу тұрғысынан ешкімге бой бере қоймайды. Олар бұл қадамға еркектік мінездерін жоғалтпай әрі әйелдерді де өздеріне тәнті ете отырып бара алады.

АҚШ

menbeauty08

Метросексуалдардың орнына ламберсексуалдар келді. Ағылшыншадан аударғанда “lumbersexual” – “сексуалды тонаушы” деген мағына береді. Олар – татуы бар, денесі шыныққан, сақалды жігіттер. Мейлінше қаба сақалды болса, тіпті жақсы. Оның үстіне тор көзді жейде, тік джинсы киіп алса, нәзік жандыларға ұнау мүмкіндігі арта түседі.

Бразилия

menbeauty09

Сарғыш түс – португалдардан, ашық түсті көз – немістерден мұраға қалған. Күнге күйген ақ сары шаш бразилиялық нағыз еркек атанудың алғашқы шартына жатады. Егер Рио-де-Жанейроға барсаңыз жергілікті әйелдерге қарағанда ерлердің қаншалықты әдемі көрінетінін байқауға болады. Артық салмақсыз, өз-өзін жақсы күткен, дене бітімі тартымды ер адамдарды көшеден көптеп кездестіруге болады.

Талқылау