Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артур Төлепов әйеліне пластмассадан жасалған жүзікпен ұсыныс жасамақ болған

Артур Төлепов қазіргі жұбайы Мәдинамен мейрамханада танысқан. Анасымен тойға барған жігіт сол күннің ертесінде Америкаға ұшуды жоспарлап отырған. Тіпті, мұхиттың арғы жағында бір жылын өткізбекші болған. Алайда Мәдинаны көрген соң бұл жоспарының күл-талқаны шыққан.

Артур Төлепов әйеліне пластмассадан жасалған жүзікпен ұсыныс жасамақ болған

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық арнаның “Түнгі студия” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Артур Мәдинаға небәрі 2 ай таныстықтан соң ұсыныс жасаған. Інісі Асылханның тойында сезімін білдірген актер мұны алдын ала жоспарламаған. Тек сол сәтте сүйіктісіне қарап, әрі қарай созудың мәні жоқ екенін түсінген. Сол себепті қолына бірінші түскен пластамассадан жүзік жасап алуды ойға алған екен.

“Америкада жүрген кезде Асылханның тойында ұсыныс жасасам қалай болады деп іштей ойладым. Бір күні соны ойлап, адам көп, ұят болады деп өзімді тоқтаттым. Тойдың соңында Асылханның ағасы ретінде алыстан келген ағайын-туысқа рақмет айтып жатырмын ғой. Бір кезде көзім Мәдинаға түсіп кетті. Мүмкін осы сәт шығар деп ойладым. Бірақ менде сақина жоқ. Желіде тараған видеода жоқ, бірақ мен басында айтып кеткенмін. – Құрметті ағайындар, қалай екенін білмеймін, менде сақина жоқ, бірақ ұсынысты жасағым кеп тұр, – дедім. Сол кездегі импровизация, бөтелкенің басын алып, тағамын деп ойлағанмын.

Пластмассамен жасайын деп тұрмын. Бірақ келесі күні шынайы алтын-күміс жүзік алып беремін деп ойладым. Сол сөзімді естіген Әлібек деген інім бар. Ол өзі зергер. Ол сол күні маған тойдың соңында сыйлық жасайын деген екен. Ал мен тойдың ортасында ел алдында сөз сөйлеп жатқанда, ол асығып, қалтасынан барын шығарып жатқан кезде Iphone-нын сындырады. Кейін сақинасын маған ұстатып кетеді. Импровизациясы маған қарағанда жақсы екен. Ондағы ойы, жасың үлкен, жұғысты болсын деген екен. Құдай сәтін салған шығар. Солай ұсыныс жасадым”, – дейді Артур.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау