Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артем Захаров үздік ондыққа кірді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының велоспортшылар арасында өткен омниум жарысында Артем Захаров 10-шы орынға ие болды, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

вело

Олимпиаданың оныншы күні велоспортшылар омниум тректік сынында бақ сынады.
Алты бағдарлама бойынша өткен омниум сайысында Артем Захаров 111 ұпайға ие болып, 10-шы орынға ие болды.
Осы жарыс түрінде алтын жүлдені италиялық Элиа Вивиани (207 ұпай) алды. Күміс жүлде ұлыбританиялық Марк Кавендишқа (194 ұпай) бұйырса, қола жүлде даниялық велоспортшы Лассе Норман Хансеннің (192 ұпай) еншісінде.
.

Талқылау