Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин “Қайрат” сапында ерекше гол соқты (видео)

“Қайраттың” ресейлік легионері, Ресей құрамасының экс-капитаны, жартылай қорғаушы Андрей Аршавинге “Таразға” қарсы өткен матчта керемет гол салды.

22f0d79e5bb908363ccf6fb4846

Фото: kapital.kz

“Қайрат”-“Тараз” матчы Қазақстан премьер-лигасының 22 туры аясында Алматының орталық стадионында өткен болатын. 24 шілде күні болған матчта алматылық ұжым қарсыластарын 3:1 есебімен айқын басымдылықпен жеңді. Осы матчтағы үзіліс кезінде қазақстандық танымал актердің өз сүйіктісіне ұсыныс жасағанын да жазған едік.

“Қайрат” сапында команда капитаны Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин және Жерар Гоу көзге түсті. Ал “Тараз” қатарынан Дәуренбек Тәжімбетов бір гол салды.

Әсіресе, бірінші тайм бітер тұстағы Андрей Аршавиннің голы ерекше соғылды. Айып алаңында “Тараз” қорғаушыларын бірінен соң бірін алдаған Аршавин, допты әуелете қақпашыдан асыра тастай салып, қақпа торын бүлк еткізді. Бұл Аршавиннің Қазақстан чемпионатында соққан алтыншы голы.

“Қайрат” осы матчтың қорытындысынан соң 14-ші жеңісіне қол жеткізіп, 46 ұпаймен екінші орында келе жатыр. Әзірге қосымша тағы бір ойыны бар “Астанадан” 7 ұпай қалып келе жатыр.

Еске сала кетсек, “Қайрат” Европа Лигасы аясында израилдік “Маккаби” клубынын екі ойынның қорытындысы бойынша өте алмаған болатын.

Талқылау