Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин «Қайрат» клубына қайтып ораулы мүмкін

«Қайрат» футбол клубы Андрей Аршавинге клубтық академияға бапкер болып келуді ұсынуға дайын. Бұл туралы қазақстандық клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

Андрей Аршавин

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Егер оған ешқандай ұсыныс түспесе, Қазақстанда әрдайым күтетінімізді айтып, келістік. Академияда бапкер жұмысын ұсынамыз», – дейді Боранбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Аршавиннің «Қайрат» клубынан кететіні мәлімденген еді. Футболшы 11 қарашада «Қайраттың» сапында соңғы рет ойын көрсетті. Ойын барысында Аршавинді шығарып салу рәсімі өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау