Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин “Қайрат”-“Астана” матчының алдында алаңға шықты

Футболдан Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин “Қайраттың” Астанадағы жаттығуына қатысты. Бүгін алматылық “Қайрат” пен “Астана” командалары Қазақстан Суперкубогына таласады.

photo_63071

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Ресейлік ойыншымен ресми келісімге қол қойғандары туралы клуб жария етпеді. “Қайраттың” бас бапкері Александр Бородюк Аршавиннің клуб басшылығының жауабын күтіп отырғанын айтқан еді. Ал ертеректе, клуб басшысы Қайрат Боранбаев екі тараптың барлық келісімдерге қол жеткізгенін хабарлаған.

Әйтсе де Аршавин, бүгінгі матчқа қатыса алмайды. Ал еліміздің екі үздік клубы Суперкубокқа қатарынан екінші жыл таласқалы тұр. Былтыр “Астана” пенальти арқылы “Қайраттан” айласын асырып кеткен еді. Матч астана уақытымен 15.00-де басталады.

photo_63074 photo_63079 photo_63081 photo_63082

Талқылау