Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин Алматыға ұшып келді

Футболдан Ресей ұлттық құрамасы мен Лондондық “Арсеналдың” және “Зенит”, “Кубань” командаларының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин Алматыға келді. Ол “Қайрат” командасының бас бапкері Александр Бородюкпен және клубпен келіссөз жасамақ.

img

Сурет prosportkz.kz

Бұл туралы Sovsport.ru сайты хабарлайды.

Аршавин Алматылық “Қайратпен” бір жылдық келісім-шартқа қол қоймақшы екен. Ол өзінің алғашқы матчына “Қайрат”-“Астана” арасындағы Қазақстан суперкубогының финалында шығуы мүмкін. Клуб президенті Қайрат Боранбаев Аршавиннен бөлек, “Спартак” қорғаушысы Кирилл Комбаровты да “Қайрат” сапына қосуға ниетті екенін хабарлады.

Андрей Аршавин “Қайраттың” бас бапкері Александр Бородюкпен бірге Ресей ұлттық құрамасында бірге жұмыс жасаған болатын. Бородюк Гусс Хиддинк және Дик Адвокат бас бапкер болып тұрған кезде, көмекші қызметін атқарған.

Талқылау