Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин Алматыдағы Көк базарға барып, жылқы етінің бағасын қазақша сұрады (видео)

“Қайрат” футбол командасының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Көк базарға барып, қазақша саудаласты.

Ресейлік футболшы блогер, спорт коммендатор Евгений Савиннің жаңа видеосына түсуде. Желіде видеодан үзінді жарияланыды.

Савин мен Аршавин алдымен тұрғындардан жылқы етінің бағасын қазақша қалай айту керектігін сұрап алды.

Аршавин сатушыға қазақша сұрақ қойғанымен, жауабын толық түсінбеген секілді. Алайда желідегілер оның қазақша анық сөйлейтінін айтып мақтады. Шоудың толық нұсқасын асыға күтетіндерін жеткізді.

Айта кетейік ресейлік құраманың бұрынғы капитаны Андрей Аршавин 2016 жылдан бері “Қайрат” командасымен ойнап келеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау