Арсен Аваков Саакашвилидің бетіне су шашып жіберді

Сейсенбі, 15 Желтоқсан , 2015 10:31

Украинаның Радасында жаңа реформаларды талқыға салу кезінде тағы да дау-дамай туған.Бұл жолы Ішкі істер министрі Арсен Аваков Одесса облысының басшысы Михаил Саакашвилидің бетіне су бүркіп жіберді.

9_main

Бұл туралы Ішкі істер министрі өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. Министрдің айтуынша, елдегі реформалар талқыға түсіп жатқан сәтте Аваков  Саакашвилидан “Одессадағы порт маңындағы зауыт туралы ресейлік олигархтармен не үшін сөйлестің, ол әңгіменің осы зауытты жекешелендіруге қандай қатысы бар?”- деген сұрақ қойған. Бұл сұрақты естіген Саакашвили “өз-өзін ұстай алмай, айқайға басқан”.

“Одесса губернаторы маған: “Михаил Саакашвилимен бұлай сөйлесуге ешкімнің қақысы жоқ… Сен жемқор министрсің, ал мен адал адаммын”, – деп айқайлап, тіпті жеке басыма тіл тигізе бастады. Ал мен оған қол жұмсап жібермеуден сақтанып, бетіне су шашып жібердім”, – деп жазды Арсен Аваков.

Ал Рада депутаты  Сергей Лещенконың айтуынша, Саакашвили өз баяндамасын оқып болған соң, Аваков оны эфирдегідей  шешендік танытпадың деп айыптаған.

“Аваков  Саакашвилиді  ұрысың деп айыптай бастады. Сол кезде  Саакашвили оған “менің адал арымнан басқа ештеңем де жоқ” деген мағынада жауап берді. Министр Аваков “Менің елімнен көзіңді жоғалт” деп айқайлап, Саакашвилидің бетіне ыдыстағы суды шашып жіберді”, – деп жазды Лещенко.

Осы депутаттың айтуынша , “премьер-министр Арсений Яценюк  Саакашвилиді “гастролші” деп атап, ол да Украинадан кетуін талап еткен. Ал Саакашвили бұған “Мен де сендей осы елдің азаматымын, және сен сияқты елімді тонаған емеспін” деп жауап берген.

“Осының барлығы ел президенті Порошенконың көзінше болды. Президент өз кезегінде екі жақты да тынышталдыруға тырысты, сөйтіп отырысты жабуға мәжбүр болды”,- деп жазады депутат.

Саакашвили болса, президент әкімшілігі баспасөз қызметінен орын алған оқиғаның толық нұсқасын халыққа жария етуді талап етті. Одесса облысының басшысы премьер-министр мен Ішкі істер министрінің қылықтарын  өз лауазымдарына сай емес, әрі арандатушылық әрекет деп атады.

“Болған оқиғаны үш бейнекамера үш жақтан түсіріп тұрды. Украина халқы өздерін кім басқарып отырғанын білуге құқылы. Мен сол жерде айтқан әр сөзіме жауап беремін. Елді титықтатқан кейбір адамдардың өз сөзі мен ісіне жауап беретін кезі келді”, – деп жазды Михаил Саакашвили Facebook парақшасына.

Естеріңізге салсақ, соңғы рет осындай шулы оқиға премьер-министр Арсений Яценюктің Украина Жоғарғы Радасы Министрлер кабинетінің жұмысы жайлы есеп беруі кезінде орын алған болатын.

11 желтоқсан күні  депутаттар жаппай төбелеске жол берді. Президент фракциясына қарасты депутат, үкіметті айыптау резлюциясына қол жинап жүрген Олег Барна Яценюк сөз сөйлеп тұрған  трибунаға бір шоқ раушан әкеліп, премьерді трибунадан тартып түсірмек болған-тын. Депутаттың осы қылығы халық қалаулыларының арасындағы кезекті дау-дамайға негіз болды.

Осыдан кейін Яценюктің қылығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар