Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Теміртау АрселорМиттал» кәсіпорнының қызметкері жұмыс кезінде қайтыс болды

«Теміртау АрселорМиттал» кәсіпорнының қызметкері жұмыс кезінде абайсызда қайтыс болды. Қайғылы оқиға тоғызыншы сәуірде болған. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

«АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнының қызметкері жұмыс кезінде қайтыс болды

«Абайсызда орын алған қайғылы оқиға дүйсенбіде, 9 сәуірде МНЛЗ-2- нің конверторлық цехында болды. Компанияның 1973 жылы туылған қызметкері қайтыс болды», – деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Кәсіпорын ұжымы марқұмның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтуда. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін «Теміртау АрселорМиттал» кәсіпорнының бірінде бірнеше тақтай құлаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Орал базарындағы контейнерден ер адамның мәйіті табылды

Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығынан 60 адам эвакуацияланды

ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды

Талқылау