Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арнольд Шварцнеггер пілдің азуын жарып жіберді

Танымал актер Арнольд Шварцнеггер елдің көңілін броконьерлік мәселесіне аудару үшін пілдің азуын жарып жіберді, деп хабарлайды Channel24.

14

Видеода актер қолына пілдің азу тісін ұстап алып, танкінің жанында тұр. Соңынан ол «Сұраныстан біржола құтылу керек» деп, бір мая шөптің үстіне пілдің азу тісін қойып, жарып жіберді. Айтуынша, пілдің сүйегін алу үшін жыл сайын  96 піл өлтіріледі екен. Бұл роликтің түсірілуіне АҚШ-тағы жабайы табиғатты қорғау қоғамы себепкер болған. Пілдің азу тісі Лос-анджелестің зообағына алынған екен.

Соңғы кезде пілдің азу тіс сүйегін саудалау көбейіп кетті.  Сегіз мемлекет, соның ішінде Қытай, АҚШ, бірқатар Африка  мемлекеттерінде 42 тонна пілдің жақ сүйегі  тәркіленген. Сүйек ел алдында жойылды. Тіпті, кейбір Африкалық мемлекеттерде пілдің азуын саудалауға тыйым салынған екен.

Талқылау